Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы Арасында дипломатиялық қатынастар Орнауының 25-жылдығына орай БІРЛЕСКЕН КОММЮНИКЕ

2017 ж. 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы екі мемлекет байланыстарындағы ең айтулы мерейтойлық күн – дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25-жылдығын атап өтеді.

Тарихи тұрғыдан өзара сыйластық және сындарлы сипатқа ие Қазақстан-латыш қарым-қатынастары екіжақты форматта да, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да жемісті дамуда.

Екі мемлекет арасында қол қойылған саяси құжаттар топтамасы, өзара тиімді серіктестік пен достық рухтағы Қазақстан-латыш байланыстарының одан әрі табысты дамуының тың негізі болды.

Парламенттер мен үкіметтер, министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ іскер топтар деңгейінде тығыз байланыстар орнатылған. 1995 ж. шілдесінен бері Қазақстан Республикасының Литва Республикасы мен Латвия Республикасындағы Елшілігі жұмыс істесе, 2004 ж. тамызда Қазақстан Республикасы Елшілігінің Рига қаласындағы Консулдық бөлімі ашылды. 2004 ж. желтоқсан айынан бастап Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өз есігін ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2006 ж.Латвияға мемлекеттік сапар жасады. Латвия президенттері Гунтис Улманис, Вайра Вике-Фрейберга, Валдис Затлерс және Андрис Берзиньш Қазақстан ресми сапармен болды. Жоғары деңгейдегі екі сапар, Астана қаласында өткен 2010 ж. ЕҚЫҰ саммиті мен ЭКСПО-2017 сынды маңызды халықаралық шаралар шеңберінде өткізілді. Ағымдағы жылдың шілде айындағы Латвияның Президенті Раймондс Вейонистің сапары екіжақты қатынастарды жандандыруға жаңа серпін берді.

Ынтымақтастықтың қолданылмаған әлеуетін бағындыра отырып, тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету мен одан әрі дамытуға талпыныс білдіріп келеді. Осы әрекеттер, өзара сауданың тауарлық жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ оның сапалық және мөлшерлік сипатын жақсартуған бағытталған.

Басты рөлді өзара ықпалдасудың ең негізгі механизмдері саналатын Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес ойнайды. «Жасыл» экономика, ақпараттық технологиялар мен байланыс салаларында инвестициялық және сауда кооперацияларын қалыптастыратын екі елдің ведомстволары мен компанияларына қолдау көрсетіледі. Қазақстан мен Латвия нарығына тауар мен қызмет түрлерінің кіруі үшін жақсы жағдайлар жасалуда.

Көліктік-логистика саласында да өзара іс-қимылдың әлеуеті зор. Екі мемлекет те Еуропадан Азияға және кері жүктердің өз аймағы арқылы өтуі үшін қомақты іс атқаруда. Осының айғағы ретінде, ү.ж. қыркүйекте ашылған Қорғас құрлықтық порты мен Рига теңіз айлақтары арқылы өтетін трансқұрлықтық тасымалдауда жаңа контейнерлік қызмет көрсетуді атап өтуге болады.

Білім беру, ғылым, мәдениет пен туризм саласындағы дәстүрлі байланыстар да дамуын жалғастыруда. Білім беру, ғылым және жастар ісі бойынша ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жоғары білім беру орындарының өзара байланыстарына жіті көңіл бөлінеді. Тараптар үшін, жоғары санаттағы сарапшылар дайындау және байланыстар өрісін одан әрі кеңейтудің өзектілігі зор.

Екі тарап та, мәдениет ошақтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасу, екі елдің осы саладағы құзыретті мекемелері арасындағы байланыстарды белсенді қолдауға мүдделі.

Қазақстан мен Латвия БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЭЫДҰ және т.б. халықаралық ұйымдар шеңберінде де жемісті ынтымақтастық орнатқан. Латвия Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған ең алғашқы мемлекет.

Қазақстан мен Латвия халықтарының өмірлік әл-ауқатын арттыру мен дамытуға бағытталған одан арғы өзара тиімді ынтымақтасуға екі мемлекет те нық сенімді.