Қазақстан Республикасының Елшілігі Друскининкайдағы қаза болған қазақстандық жауынгерлердің қабірлеріне барып қайтты

Қазақстан Елшілігі құрметті Рамазан қажымен бірге Ұлы Отан соғысы кезінде Литвада құрбан болған қазақстандық жауынгерлердің қабірлеріне барып қайтты.
Друскининкай қаласының мемориалдық кешенінде Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаевтың есіне гүл қою рәсімі өткізіліп, дұға оқылды.
Жамбыл облысының тумасы А.Сухамбаев 1944 жылғы 31 шілдеде Стжельцовизна ауылы үшін болған шайқаста жанындағы жауынгерлердің рухын көтеріп, олардың көз алдында пулеметтің амбразурасын өз денесімен жапқан.
Сонымен қатар, Капчяместистегі бауырластар қабірінің монументіне гүл қойылып, Литвада өз батырлық жолдарын аяқтаған қазақстандық жауынгерлерге бағышталып құран оқылды.