Қазақстан мен Латвия транзиттік-көлік әлеуетін дамытады

28-29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Ригаға жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Латвия президенті Раймондс Вейонис пен Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин телекөпір арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы трансқұрлықтық тасымалдаудың жаңа контейнерлік қызметінің ашылуына қатысты.

Қытайдың Үрімжі қаласынан шыққан контейнерлік пойыз Қазақстан аумағымен Ресей, Латвия, одан Рига порты арқылы Роттердам портына жөнелтіледі.

Жаңа бағдардың ашылуы көлік бағдарын аудандастырудан, теміржол инфрақұрылымын оңтайлы пайдаланудан, сонымен қатар әлеуеті 200 мың контейнерлік Балтық өңірі арқылы ҚХР-ЕО-ҚХР бағдарына контейнерлік тасымалдау қызметіне жеңілдікті тариф қолданудан, сол арқылы тасымалдың қарқынын өсіру мақсатынан туындап отыр.

Қазақстан  премьер-министрінің бірінші орынбасары мен Латвия президентінің кездесуінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамыту жайы талқыланды.

А. Маминнің айтуынша, бұл кездесу 2017 жылғы 9-10 шілдедегі Латвия Президентінің Қазақстанға сапары барысындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.

Асқар Мамин Қазақстанның екі ел арасындағы ақпараттық, ғарыш саласындағы, «жасыл технологияны» дамытудағы өзара серіктестікті белсенді жүргізуге ынталы екендігін атап өтті.

Қазақстан мен Латвия арасындағы экспорттық және импорттық тасымал көлемі 19 пайыз транзиттік тасымал көлемі 34 пайызға артқандығы байқалды.