Қазақстан мен Латвия бизнес-делегациялармен алмасады

6-8 ақпанда  Kaznex Invest өкілдері басқарма директоры Асқар Арыновпен Ригада жұмыс сапарымен болды.

Қазақстандық делегация Латвияның кәсіпкерлерімен кездесулер өткізіп, «Рига бальзамы», парфюмериялық фабрика «Дзинтарс» және қоқысты өңдейтін «Гетлини» зауыттарында  болып, тәжірибелермен бөлісті.

Риганың Орталық базарының директоры А. Морозов қазақстандық тауарлардың жәрмеңкесін өткізуді ұсынды.

Тараптар 4-6 сәуірде Латвия бизнес делегациясының Алматыға сапарын өткізу жөнінде уағдаласты.