Қазақстанның Литвадағы Елшісі Б.Мұхамеджановтың «Ротари клуб» мүшелерімен кездесуі

Қараша айында, Вильнюс қаласында  Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхамеджанов  «Ротари клуб» халықаралық ұйым мүшелері және Литва сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізді.

«Ротари клубы» Халықаралық деңгейдегі ежелгі тамыры бар көне және беделді клубтардың бірі болып табылады, 1934 жылы 15 қазанда Каунас (Литва) қаласында құрылған.

Клуб мүшелері Литваның белгілі саясаткерлері, бизнесмендер,ғалымдар және де БАҚ өкілдері болып табылады.

Кездесу барысында Елші қатысушыларға Тәуелсіз Қазақстан 25 жыл ішіндегі жетістіктерін хабардар етті және Қазақстан жайлы фильм көрсетілді.

Сонымен қатар қатысушыларға алдағы уақытта елімізде өтетін халықаралық көрме ЭКСПО-2017 туралы айтып өтті.

 

img_6082img_6085img_6086