Қазақстанның Елшісі Латгалияда сапармен болды

17-18 тамызда Қазақстанның Литва мен Латвиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Латгалия аймағында Даугавпилс қаласында жұмыс сапарымен болды.

Елші Даугавпилс қаласының мэрі Андрей Элксниньшпен, оның орынбасарларымен келіссөздер өткізді. Қазақстан мен Латвия аймақтары арасында ынтымақтастықты дамыту, бауырлас қалалар байланыстарын орнату, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды белсендіру мәселелерін талқылады.

Сапар барысында «Қазақстан мен Даугавпилс және Латгалия аймағы арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық перспективалары» атты бизнес форум, туризмге арналған дөңгелек үстел, Абайдың латыш тіліне аударылған «Қара сөздері» кітабының тұсау кесері өтті.

Елші сондай-ақ вагон жасайтын зауытта болып, кәсіпкерлермен және журналистермен кездесулер өткізді.