Қазақстанның Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Польшаның Елшісі У. Дорошевскамен кездесті

Ү.ж. 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Мұхаметжанов Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі У. Дорошевскамен кездесті. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастары дамуының прогрессивті сипатын атап өтті.