Сайлау туралы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
2016 жылы 20 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының өтетіндігін хабарлаймыз.

ҚР Литва мен Латвиядағы Елшілігінің жанында № 192 сайлау учаскесі құрылды. Мекен-жайы: Вильнюс қаласы, Бирутес 20A көшесі.
Заңның 25 бабы 1 тармағына сәйкес шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.
41 бабтың 6 тармағына сәйкес сайлаушылардың жазбаша өтініштері бойынша учаскелік сайлау комиссиясы ел ішінде тасымалданатын жәшiктерді қолдану арқылы көшпелі сайлау ұйымдастыруға тиiс.

Сайлау 20 наурызда күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 ден 20.00-ге деін сайлау учаскелерінде өткізіледі. Заңның 28 бабына сәйкес, аталған учаскелердің бөлмелерінде сайлауға қатысатын саяси партиялар жөнінде және басқа да қосымша ақпаратпен танысуға болады.

Сайлау өткізу жөніндегі жауапты қызметкер:
Тұрыбаев Қанат Хамидоллаұлы – consulate@kazembassy.ltvilnius@mfa.kz, телефон – +370 5  231 30 70.


Сведения об избирательных участках за рубежом.