Ригада «Қазақстан Елшісі кубогіне» арналған гольф-турнир өтті.

Қазақстанның Конституциясы күнін атап өту шаралары шеңберінде Рига қаласында «Rietumu» банкісінің қолдауымен «Қазақстан Елшісі кубогіне» арналған дәстүрлі III халықаралық гольф-турнир өтті.

Жарысқа осы спорт түрін таңдаған Латвиия, Литва, Эстония, Ресей, Беларусь, Германия, Ирландия және АҚШ ойыншылары қатысты.

Литвалық гольфист Роландас Гайдис 175  метр қашықтықтан гольф добын үйішікке кіргізіп, арнайы сыйлық (hole-in-one )  95 мың еуро тұратын Porsсhe автокөлігін ұтып алды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов «Viesturi» гольф-клубының президенті Гунар Пиладзиспен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырды. Гольф-турнирдің ең басты жеңімпазына қазақстандық шеберлер дайындаған «Байтерек» монументінің кішкентайланған көшірмесі – алтын кубок тапсырылды

Салтанатты іс-шараға Латвияның депутаттары, саясаткерлері, кәсіпкерлері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Латвияда тіркелген елшілер мен дипломаттар қатысты.

 

dsc_9213 dsc_9273 dsc_9730 mar_0077 mar_9798 mar_9925 mar_9926 mar_9932 mar_9946 mar_9952 mar_9997