Ригада Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті

2017 ж. 14 желтоқсанда ҚР Литва және Латвиядағы Елшілігі Рига қаласында Латвия Ұлттық университетінің Академиялық кітапханасында  (1524 ж. құрылған) Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өткізді.

Осы маңызды іс-шара Латвия Сеймінің (Парламент) «Латвия-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрайымы Ингуна Судраба, Парламент депутаты Андрис Морозовс, Рига қ. Думасының депутаты Максимс Толстойс, «Қазақстан-Балтық» экономикалық даму қауымдастығының төрағасы Александр Видякин, Академиялық кітапхана директоры Вента Коцере, іскерлік және ғылыми-академиялық топ, диаспора өкілдеріның қатысумен өтті.

И.Судраба ханым шараның ашылуында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығымен барша қазақстандықтарды құттықтап өтіп, мемлекеттіміздің одан әрі дами беруін қалайтынын мәлімдеді.

Дипломатиялық қатынастар орнауының 25-жылдығына орай, Төрайым парламенттер мен үкіметтер, министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ іскер топтар деңгейінде тығыз байланыстар орнатылғанын және тарихи тұрғыдан өзара сыйластық пен сындарлы сипатқа ие Қазақстан-Латыш қарым-қатынастары екіжақты форматта да, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да жемісті дамуда екенін атап өтті.

Рига шаһары Думасының депутаты М.Толстойс, Қазақстан Тәуелсіздігінің 26-жылдығында өткен осындай айтулы шараға символикалық маңыз беріп, Қазақстан мен Латвия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қатынастарды атап өтті.

Сондай-ақ Рига қ. Думасының депутаты, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді Еуропарламенттің ратификациялағанын қуана қабылдағанын және өңірлік санкциялық мәселелерді шешуде өз септігін тигізетінінен үмітті екенін білдірді.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау аясында, Академиялық кітапханаға алғаш рет латыш тілінде шыққан, қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың «Қара сөздері» табыс етілді

.