Ригада Қазақстанның салтанатты күндері аталып өтті.

Латвия университетінің академиялық кітапханасында Қазақстанның салтанатты мерекелеріне арналған – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығы және Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қазақстанның Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлемге қосқан жеке үлесі жөнінде айтып берді. Сондай-ақ, аудиторияны Қазақстанның ішкі жаңалықтарымен, сыртқы саяси бастамаларымен және экономикалық реформаларымен таныстырды.

img_6723img_6841