Ригада Қазақстанның конституциялық реформалары жөнінде талқылау өтті

Қазақстанның Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Рига думасында сапармен болды. Ол онда Рига қаласының басшылығымен, Рига думасының депутаттарымен, ригалық кәсіпкерлермен, сондай-ақ сарапшылар және Латвия БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Астана мен Рига арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың алдағы жоспарлары мен Латвияның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы талқыланды.

Б.Мұхаметжанов 2017 ж. 25 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасаған Конституциялық реформалар жобасы туралы үндеуіне түсініктеме берді.

Сонадай-ақ Ригалық аудитория Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырылды.

DSC_5808