Ригада Наурыз мейрамы аталып өтті

Ригада Наурыз мейрамына арналған салтанатты қабылдау өтті.

Қабылдауға Латвия Сеймінің депутаттары, елшілір, бизнес, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Мейрамның өтуіне халықаралық инвестициялық компания EXANTE қолдау көрсетті.

Салтанат шеңберінде Елші Бауыржан Мұхаметжанов «Қазақстан Республикасының 25 жылдығы» медалдерін Сеймнің хатшысы Андрей Клементьевке және Көлік министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманиске тапсырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен олар Қазақстан мен Латвия арасындағы достық қатынастардың дамуына қосқан үлкен үлестері үшін марапатталды.

Әділбек Жанабаев «Bridz» фирмасының басшысы Қазақстан халықы Ассамблеясының  алтын медаліне ие болса, журналист Владимир Решетов Қазақстан Сыртқы істер министрінің алғыс хатын алды.

Мейрамға келген қонақтар қазақша би тамашалап, домбыраны тыңдап, ұлттық тағамнан дәм татты.