Ригада визалық және көші-қон мәселесі талқыланды

10 тамызда Қазақстанның Литва мен Латвиядағы Елшісі Бауыржан Мухамеджанов Латвия Республикасының Ішкі істер министрі Рихардс Козловскиспен кездесу өткізді.
Елші Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық тәртіпті жеңілдету
жолында атқарылып жатқан істер жөнінде әңгімелеп берді.
Өз тарапынан латвиялық министр Ішкі істер министрлігі өкілдерінің осы сұрақ бойынша ЕО комитеттеріндегі Жұмыс топтарына кіретінін атап өтіп, латвиялық тараптың Қазақстанның осы мәселедегі бастамаларын қолдайтынын
жеткізді.
Кездесу барысында, сондай-ақ көші-қон мәселесі талқыланды.
Келіссөздерге сонымен қатар Латвияның Мемлекеттік полициясының басшысы Интс Кюзис қатысты.