Бақытжан Сағынтаев Латвия Президенті Раймондс Вейониспен кездесті

Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Анықтама:

Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн долл. құрады (экспорт – 93,5 млн долл., импорт – 32,7 млн долл.).

2017 жылдың қаңтар-сәуірінде: $31,8 млн (экспорт – $25,3 млн, импорт – $6,5 млн). Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.


 

https://primeminister.kz/kz/news/all/14908