Литвада Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

 

 

Үстіміздегі жылғы 12 маусымда Қазақстанның Литвадағы Құрметті Консулдығының ашылу салтанаты өтті, ашу туралы шешім өзара келісімі бойынша қабылданды. Литваның бұрынғы вице премьер-министрі және Сеймінің бірнеше рет депутат болған ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Йонас Ягминас Құрметті консул болды.

Іс-шараға Литва Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Дариюс Скусявичюс,  сыртқы саясат мәселелері бойынша Литва Сеймі спикерінің кеңесшісі – Литва СІМ Ерекше тапсырмалар жөнініде Елшісі Кястутис Кудзманас, Литва Сеймінің депутаттары, саяси және іскерлік топтарының өкілдері, сондай-ақ жергілікті БАҚ қатысты.

Қазақстанның Литвадағы Елшісі Б.Мұхаметжанов сөз сөйлеу барысында осы іс-шараның Қазақстан мен Литва (15 маусым) арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына орайластырылып отырғаннын атап өтті. Шейрек ғасырда екі ел арасындағы ынтымақтастық екіжақты форматта және халықаралық ұйымдар шеңберінде жоғары деңгейге жетті. Қазақстан үшін Литваның Балтық аймағындағы стратегиялық әріптесі болып табылатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, Литва Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім ратификациялауда алғашқы елдердің бірі болып болды, сондай-ақ Астана қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Қорыта келгенде, Елші Қазақстанның Литвамен одан әрі қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Д. Скусявичюс және К. Кудзманас Литвада келесі Құрметті консулдығының ашылуы – екіжақты қатынастардың үдемелі дамуына қарай тағы бір қадам екенін атап өтті.