Назар аударыңыз!!! Шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшін «SmartТravelKZ» мобильдік қосымша іске қосылды

2017 жылғы 14 желтоқсанда Шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшін «SmartТravelKZ» мобильдік қосымша іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен әзірленген «SmartTravelKZ» негізгі мақсаты шет елдегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін мүмкіндігінше максималды түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға жедел қолдау мен көмек көрсету болып табылады.

Мобильдік қосымша аймақтық ерекшеліктеріне қарай, елдер туралы тиімді ақпаратпен, болу елдеріндегі өзін ұстау нормалары, қауіпті жағдай болған кезде асырылатын іс-шаралар, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтерді қамтиды. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар болу елінде санитарлық-эпидемологиялық және қылмыстық жағдай туралы деректерді таба алады.

Қосымшаның көмегімен пайдаланушылардың ҚР консулымен бірнеше жолдар арқылы байланысу мүмкіндіктері бар: дауыстық хабарлама қалдыру, кері қоңырау жіберу, электрондық поштаға хат жолдау немесе қоңырау шалу.

Мобильдік қосымша Android және IOS негізіндегі смартфон пайдаланушылары үшін қолжетімді.


http://mfa.kz/kz/content-view/mid-prezentoval-mobilnoe-prilozenie-dla-grazdan