Литва университеттері Қазақстан азаматтары үшін 200-ден астам грант бөлуге дайын

Ү.ж. 10–12 мамыр күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (әрі қарай — Орталық) Президенті Ж. Ж. Мелдешов бастаған делегация Литваның үздік университеттерімен екіжақты ынтымақтастық орнату мақсатында Вильнюс және Каунас қалаларына сапар жасады.

Тұтастай алғанда кездесулер Литваның төрт үздік мемлекеттік университеттерінің өкілдерімен ұйымдастырылды (Vilnius Gediminas Technical University,Vilnius University, Vitautas Magnus University,Kaunas University of Technology).

Келіссөздер барысында литвалық білім беру жүйесі, студенттік мобильділік, қос дипломды алу бағдарламалары және Қазақстандағы Литва университеттерінің өкілдіктерінің ашылуы туралы пікір алмастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша, келіссөздер жүргізілген Литва университеттері Қазақстан азаматтары үшін 200-ден астам гранттар ұсындатындығын және үстіміздегі жылдың маусым айының басында Қазақстан қалаларына келіп, студенттерге Литва университеттеріне тапсыруды жергілікті деңгейде ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді. Қазіргі таңда Орталықпен аталған университеттер өкілдерімен біріге отырып, осы шараларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

https://www.bolashak.gov.kz/kz/novostikz/1321-200-grantov-na-obuchenie-dlya-grazhdan-kazakhstana-gotova-predostavit-litva.html