Литвалық Тракайда қазақстандық-литвалық іскерлік және туризм саласындағы ынтымақтастық талқыланды

2018 жылы 24 қаңтарда Унгурис әдемі көлінің жағасында орналасқан (Аукштадварис ұлттық паркі, Тракай) Литваның ең танымал IDW Esperanza Resort қонақ үйінде екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Астана мен Вильнюс арасында тікелей әуе қатынастың ашылуы қарсаңында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына арналған қазақстандық-литвалық бизнес-форумы өтті

Айта кететін жайт, аталған бизнес-форум Литваның ресми тұлғаларынан, инвесторлардан, қонақжайлылық пен спорт индустриясының қызметкерлерінен, финтех пен АТ-стартаптардан, көліктік-логистикалық компаниялардан құралған бірегей желілік платформа орнатуға негіз болды.

Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің бастамасымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция» жаңа әлеміне бейімделу бойынша міндеттерін іске асыру аясында іскерлік топтар алдында ашылатын бірегей мүмкіндіктер талқыланды.

Литвалық бизнесмендер құрылыс, ауыл шаруашылығы, спорт индустриясы, көлік және логистика саласындағы қазақстандық серіктестерімен тікелей байланыстар орнатуға белсенді қызығушылық танытты.

Форумның жеке бөлігі Астана мен Вильнюс арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуына арналды.

Бұл ретте, бүкіл әлемге танымал литвалық шипажайлар мен оңалту (реабилитациялық) орталықтар қазақстандық туристер мен серіктестерді асыға күтуде екенін айта кету керек.

Сонымен қатар, Литваның туристік компаниялары қазақстандық туроператорлармен танысуға қызығушылық танытты.

Литваның туристік кластері қазақстандық операторлармен Солтүстік және Шығыс Еуропа өңірлерін Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азиямен байланыстыратын өңірлік жолаушылар ағындарын ұйымдастыру бойынша бірлескен стратегия әзірлеуге дайындық білдірді.

 

Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің

Баспасөз қызметі