Клайпеда портында Қазақстан-Литва көліктік-логистикалық ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстанның көлік-логистикалық потенциалын алға жүргізу, сонымен қатар Литва өңірімен ынтымақтастықты тереңдету бойынша жұмысты жалғастыру аясында 2017 жылдың 5-6 ақпан күндері Елшілік литвалық портты қала Клапейдаға іс сапар жасады.

2017 жылдың нəтижесі бойынша Клапейда порты Балтия порттары арасында контейнерлік тиеу көлемі бойынша көшбасшы атанды.

Сапар барысында порттың аса бір логистикалық маңызы – “KLASCO” стивидорлық компаниясымен таныстыру кездесуі.

Порттың логистикалық кластерын ортақ көлік-логистикалық жобаларға тарту мақсатында Клапейда портында “Қазақстан жəне Жаңа Жібек Жолы” бизнес-форумы өтті.

Форум барысында Қазақстанның транзиттік-транспорттық потенциалының Елшілік жасаған таныстырылымы көрсетілді – Еуропа мен Азия арасындағы жүк ағынын көбейтуге арналған қазақстандық инфрақұрылымдық жобаларын көрсететін мүмкіндіктері, трансконтиненталды тасымалдардың серпінді өсімі туралы мəліметтер берілді.

Бұл мəнмəтінде “Нұрлы жол-болашаққа бастар жол” атты мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысындағы қадамды айқындауға, “Хоргос- Шығыс қақпалары” шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі Халықаралық орталығының одан əрі дамуына, Ляньюньган портындағы қазақстандық терминалдың қызметіне көп көңіл бөлінді.

Қазақстандық-литвалық іскерлік серіктестікке қосымша мүмкіндік ретінде Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған “Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” жолдауында аталған қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды көлемді түрде енгізу жөніндегі мақсатты жүзеге асыру керек екендігі атап өтілді.

Өз кезегінде литвалық тарап қазақстан-литвалық көлік-логистикалық серіктестігіне қатысты жоспарлар мен сұрақтар қатарын атап өтті. Сонымен қатар Елшілік порттың жетілдірілуімен, арнайы экономикалық зона аясындағы жаңа мүмкіндіктермен жəне қазақстан-литвалық бизнес-форумның ұйымдастырылуы бойынша порттың жоспарымен танысты.