Елші Б.Мұхаметжанов Латвия Сыртқы істер министрлігінде

9 тамызда Қазақстанның Литва мен Латвиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Латвияның Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Андрейс Пилдеговичспен кездесу өткізді. Сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Өз тарапынан латвиялық дипломат 2017 ж. 15 желтоқсанында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25-жылдығын атап өткелі отырған, қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықтың дамуына жоғары баға берді.