Елші Б.Мұхаметжанов Латвия Президентімен кездесті

26 қаңтарда Қазақстанның Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Латвия Президенті Раймонд Вейонистің осы елдің тәуелсіздігінің «деюре» халықаралық тануына орай ұйымдастырылған қабылдауында болды. Қабылдау Рига сарайында-Президенттің резиденциясында өтті.

Қабылдау кезінде болған сұхбат барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау мен ізгі тілектерді жеткізді. Р.Вейонис те өз тарапынан үлкен алғысын білдірді.

Б.Мұхаметжанов Латвия басшысын біздің елде соңғы уақытта Президенттің бастамасымен болып жатқан маңызды оқиғалармен, оның ішінде билікті бөлу туралы конституциялық өзгерістермен таныстырды.

          ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде өтетін Латвияның ұлттық күніне орай, Президент Р.Вейонистің Астанаға баратынына үміт білдірді.