Елші Бауыржан Мухамеджанов Латвияның Көлік министрімен келіссөздер өткізді

10 тамызда Қазақстанның Литва мен Латвиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Латвия Республикасының Көлік министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Улдис Аугулиспен келіссөздер өткізді.

Кездесу кезінде көлік және транзит мәселелері, сондай-ақ Латвия Президенті Раймондс Вейонистің ЭКСПО-2017 шеңберінде өткен Латвия ұлттық күндеріне Астанаға келуі кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру талқыланды.