Вильнюс қаласында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық мәселелері талқыланды

2018 жылғы 17 қаңтарда Вильнюс университетінің Халықаралық қатынастар және саясаттану институтында Елшіліктің бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге институттың сарапшылары, Литва СІМ өкілдері, сондай-ақ халықаралық саясат білгір журналистер  қатысты.

Іс-шараның тақырыбы ҚР-дың қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығына арналды. Бұған қоса, Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі, сондай-ақ қазақстандық-литвалық екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен болашағы бойынша кең ауқымды мәселелер дәстүрлі түрде талқыланды.

Қатысушылар ҚР-дың ғаламдық ұйымның Төрағасы ретіндегі негізгі басымдықтарымен танысты. Терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу үшін мінез-құлық кодексін әзірлеу және оның негізінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру бойынша ғаламдық коалиция қалыптастыру жөніндегі Астананың бастамалары туралы айтылды.

Аталған басымдықтардың көбін жүзеге асырудағы Қазақстанның іс жүзіндегі тәжірибесі атап өтілді. Бұл ретте, ҚР-дың ядролық қарусыз әлем құрудағы жетістіктері, дінаралық және ұлтаралық диалогтың сәтті үлгісін құруы, ҚР-дың орнықты даму мен аумақтық бірігуге бағдарлануы ерекше айтылды.

Сарапшылар Қазақстанды осы жетістіктермен құттықтап, ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуі біздің мемлекетіміздің ширек ғасырлық дипломатиялық белсенділігінің шарықтау шегі болып табылатынын растады.

Елбасының күрделі еуразиялық жанжалдардың медиациясындағы еңбегі атап өтілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін және бүкіл Ұйымды XXI ғасырдың қауіп-қатерлеріне бейімдеуі жөніндегі басымдығына қызығушылық танытты.

Аймақтық және ғаламдық мәселелерді шешу контекстінде Қазақстанның Манифест «Әлем. XXI ғасыр», Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, АӨСШК-ті АҚДҰ-ға айналдыру, сондай-ақ исламдық татуласу сияқты сыртқы саяси бастамалары қызығушылық тудырды.

Кездесу соңында қатысушыларға Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ҚР мен Литва арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Елшіліктің көзқарасы мен жоспарлары бойынша қысқаша ақпарат берілді.