Вильнюс қаласындағы Мартинас Мажвидас атындағы Литваның Ұлттық кітапханасында Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне Литва Республикасының қатысуының қорытындысы бойынша іс-шара ұйымдастырылды

Үстіміздегі жылғы 10 қазанда Вильнюс қаласындағы Мартинас Мажвидас атындағы Литваның Ұлттық кітапханасында Астанада өткен «Энергия болашағы» тақырыбында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Литваның қатысуының қорытындысына арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шарада Литваның Қоршаған ортаны қорғау министрі Кестутис Навицкас, Литваның Сыртқы істер вице-министрі Дарюс Скусявичюс, Литваның Қазақстандағы Елшісі Витаутас Наудужас, Литва павильонының Ұлттық комиссары Ромас Янкаускас сөз сөйледі.

Қазастанның Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов литва тарапына көрмеге белсенді қатысқаны және өзінің экспозиясын мағыналы, әрі жоғары ұйымдастыру деңгейі нәтижесінде көрме тақырыбын ашқаны үшін, сонымен қатар, технологияның соңғы жетістіктерін, үздік ұлттық брендтерді, Литваның бай тарихы мен мәдениетін ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Елші «Нұр Әлем» қазақстандық павильон және басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады деп атап өтті. Аудиторияға көрме кешенінде бірнеше жаңа ірі жобалардың іске қосылуы, атап айтқанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды, IT жобалардың халықаралық технопаркін дамыту бойынша халықаралық орталық туралы ақпарат берді.