Б. Мұхаметжанов және Литва Республикасының ЭКСПО-2017 Бас комиссары Р. Янкаускастың кездесуі өтті.

2017 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Мұхаметжанов және Литва Республикасының ЭКСПО-2017 Бас комиссары Р. Янкаускастың кездесуі өтті. Кездесу барысында Литваның Астанада өтетін көрмеге  қатысуының ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Елші  Р. Янкаускасты ЭКСПО-2017 әлемдік көрмесінің Комиссарлар комитетінің төрағасы болып сайлануымен құттықтады.