Бас Прокурордың Литва Республикасына іс-сапары туралы

24.04.2017  Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Жақып Асановтың Вильнюске іс-сапары барысында Литва Республикасымен Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды.

Тараптар аталмыш құжатқа қол қою қазақстандық-литвалық әріптестікті нығайтуда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, екі ел азаматтарының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды қадам екендігін атап өтті.

Қазақстан Бас Прокуроры жылы қабылдау үшін литвалық тарапқа ризашылығын білдіре отырып, қол жеткізілген уағдаластық жоғарғы деңгейдегі сенімді айқындайтындығын және екіжақты қатынастарды дамытуда қосымша түрткі болатындығын баса айтты.

Сапар барысында Литваның Әділет министрі, Бас прокурорыжәне Ішкі істер министрінің орынбасарымен екіжақты кездесулер өтіп, ынтымақтастың өзекті мәселелері талқыланды, қылмыстық іс жүргізу бойынша тәжірибе алмасты. Ж.Асанов тиімді қылмыстық іс жүргізудің құқық қорғау жүйеге қатысты халықтың сенімін артыруға аса маңызды екендігін атап өтті.

Ведомстволар басшылары құқықтық салада өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге ниет білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Бас Прокуроры Литваның Жоғарғы сотының төрағасымен, Сеймнің (Парламенттің) Парламентаралық байланыстары бойынша топтың басшысымен, Конституциялық соттың судьясымен, Миколас Ремерис атындағы Университеттің ректорымен кездесулер өткізді.