Абайдың «Қара сөздерінің» тұсаукесері

17 тамызда Даугавпилс Университетінде қазақтың ұлы ақыны Абайдың бірінші рет латыш тіліне аударылған «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері өтті.  Бұл шараға қала басшысы, университеттің ұстаздары, мәдениет қызметкерлері, жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі Бауыржан Мұхамеджанов жазушы, ақын Абай туралы, оның өз елінің мәдениетіне қосқан үлесі жөнінде әңгімелеп, жиналғандарға ұлы кемеңгердің шығармашылығына көрсеткен құрметтеріне алғысын білдірді.

Даугавпилс қаласының мэрі Андрей Элксниньш тұсаукесердің осы қалада өтуі үлкен оқиға екенін атап өтіп, бұл шараның екі мемлекеттер арасындағы мәдени қатынастардың дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.